Accessibility links

Қазақстан президенті өзінің күйеу баласын 3 лауазымынан да босатты


АСТАНА: Бүгін Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, Қазақстан президенті Н.Назарбаев өзінің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиевті республиканың Аустриядағы елшісі әрі Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстанның арнаулы өкілі лауазымдарынан босатты. Р.Әлиевтың өзі бүгін “2012-нші жылғы президент сайлауына түспек болғаны үшін өзінің үнін өшірмек болды” және “демократия жолынан тайды” деп Н.Назарбаевты айыптады. Сәрсенбі күні “кісі ұрлады” деген айып бойынша Р.Әлиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалса, Бас прокуратура Рахаттың меншігіне жататын “КТК” телеанасы мен “Караван” газетінің жұмысын 3 айға тоқтатқан болатын
XS
SM
MD
LG