Accessibility links

Литвиненконың өлімі Британияның бақылауымен жасалған дейді Андрей Луговой


Ресейдің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері Александр Литвиненко Британияның шпионы ретінде жұмыс істеген және оның өлтірілуі Британияның қатысуымен жүзеге асырылды немесе орыс мафиясының қолынан келді дейді Британия тарапынан Литвиненконың өліміне қатысы бар деп айыпталып отырған ресейлік кәсіпкер Андрей Луговой. Бұл жөнінде ол бүгін Мәскеудегі баспасөз-мәслихатында мәлімдеді:

- Бір нәрсеге мен күмәнданбаймын: Литивненконы уландыру Британияның арнайы қызметі тарапының бақылауынсыз болған жоқ. Маған айып таға отырып, британдықтар Березовскиймен, Литвиненкомен бірге маған қатысты жасаған заңыздықтары айтылады деп сақтанaды.

Ол өзін Лондон Ресей президенті В.Путин туралы мәліметтер беру үшін өз жағына тартпақшы болды деп айтқан. Луговой сондай-ақ сыртта жүрген Ресей алпауыты Борис Березовскийді Британияның арнайы қызметіне жұмыс істейді деп айыптады.
XS
SM
MD
LG