Accessibility links

Палестина төрағасы мен премьер-министрі “Хамас” пен “ФАТХ” қозғалысын бітімге шақырды


ТАЯУ ШЫҒЫС: “ФАТХ” қозғалысына қарсы бірнеше күнге созылған қантөгістен кейін Газа аймағының басым бөлігі “Хамас” ұйымының бақылауына өтті. Газа аймағының орталығы мен оңтүстігін “Хамас”-тың өз бақылауына алған кешегі қақтығыстардың барысында кем дегенде 27 адам қаза болды. Ал сенбіден бері қарай 70-тен астам кісі көз жұмды. Палестина автономиясының төрағасы әрі ФАТХ қозғалысының лидері М.Аббас пен “Хамас” ұйымы көсемдерінің бірі әрі Автономия премьер-министрі И.Хания қарсылас жақтарды дереу бітімге шақырған бірлескен мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG