Accessibility links

Солтүстік Корея халықаралық инспекторларды шақыруда


Солтүстік Корея өзінің негізгі ядролық реакторын жабу мәселесін талқылау үшін Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторларын шақырғанын хабарлады. Шақыру туралы МАГАТЭ-ге жіберілген хатта жазылған екен. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Макао банкісінде тұмшаланған Солтүстік Корея қаржысының бәрі дерлік жіберіліп, Пхеньянға жеткен. Ал бұл өз кезегінде Пхеньянның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған дағдарысты шешуге үміт туғызып отыр. Себебі осы жайында ақпан айында келісім жасалған болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG