Accessibility links

Жаңадан тағайындалған Палестина автономиясының премьер-министрі кабинетті жасақтауда


Жаңадан тағайындалған Палестина автономиясының премьер-министрі мен “Фатх” лидері президент Махмұд Аббас кабинетті жасақтауда. Жұма күні Махмұд Аббас тәуелсіз заңшығарушы Салам Фаядты төтенше үкіметтегі премьер-министр етіп тағайындаған болатын. Ресмилердің айтуынша, Салам Фаяд үкіметті негізінен тәуелсіз технократтардан құруды жоспарлап отыр. Хамас пен Фатх топтары арасында бес күн бойы жалғасқан қақтығыстардан 80-нен астам адам құрбан болды. Қазір Газа аймағы толығымен “Хамас” тобының бақылауына өтті. Ал Батыс Жағалаудың басым бөлігі “Фатх” қозғалысының бақылауында қалып отыр. Махмұд Аббас Хамас жетекшілігіндегі үкіметті таратып, Газада төтенше жағдай жариялады.
XS
SM
MD
LG