Accessibility links

Дағыстандағы жарылыстан екі адам қаза болды


Ресейдің Солтүстік Кавказдағы республикасы Дағыстанда болған жарылыстан екі адам құрбан болды. Махачкалада болған ол жарылыста муфтидің орынбасары Урмагомед Рамазанов жанындағы әріптесімен қаза болды. Тағы бір адам жарақат алды. Жарылыстың неден болғаны әлі анықталған жоқ. Дағыстан содырлар жиі көтеріліп жүрген соғыстан кейінгі Шешенстанмен шекаралас ел.
XS
SM
MD
LG