Accessibility links

Тәліптер оңтүстіккореялық 21 азаматтың ішінен ауруға шалдыққан 2 әйелді босатуға тиіс


ГАЗНИ: Ауғанстандағы тәліптер тұтқындағы оңтүстіккореялық 2 азаматты босатуға уәде беріп отыр. Ол екеуі ауруға шалдыққан көрінеді. Ауғанстандағы Газни облысының әкімі хабарлағандай, тәліптер ол 2 әйелді бүгін – дүйсенбіде босатуға тиіс. Тәліптер осыған дейін де сөз беріп, кейін ол райынан қайтқандарын мәлімдеді. Кісі ұрлаушылардың қолында Оңтүстік Кореяның 21 азаматы отыр. Тәліптер олардың екеуін өлтіріп үлгерді. Оңтүстік Кореяның делегациясы діни миссионерлердің тобы тұтқынға түскен Газни облысында тәліптермен келіссөз жүргізуде.
XS
SM
MD
LG