Accessibility links

АҚШ-тың ядролық қуат бекетін жасайтын Уестиңхауз фирмасының 10 пайызын Казатомпром компаниясына сатуға Жапонияның Тошиба корпорациясы келісті


Құны 540 миллион доллар тұратын бұл келісім Тошиба мен Казатомпром арасында орнаған кең тұрғыдағы әріптестікке байланысты болуда. Яғни Қазақстаннан Тошибаның меншігіндегі ядролық қуат бекетіне уран жеткізудің ұзақ мерзімге арналған қызметін бекіте түсу үшін аталған сауда әрекеті қажет болуда. Ортақ істің бір шарты ретінде, уран өңдеу технолгиясын Казатомпромға жеткізуді Тошиба мен Уестиңхауз көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG