Accessibility links

Талибандар тұтқынынан босаған екі кореялық үйлеріне жетті


Оңтүстік Кореялық ақпарат бұлақтары,Ауғаныстандағы талибандар тұтқынында болған екі кореялықтың үйлеріне оралғанын хабарлап жатыр. Еліне оралған Ким Киюңжа журналистерге былай деді:

“Ең алдымен, мен алғысымды айтқым келеді әрі көп адамға алаңдаушылық әкелгенімізге кешірім өтінемін. Мен Оңтүстік Корея үкіметі мен барлық отандастарымызға рахмет айтамын. Мен қалған тұтқындар да жақын арада босатылады деп сенемін”.

19-шы шілдеден бері кепілдікте болған ол екі әйел осы аптаның басында босатылып, Ауғаныстанда дәрігерлік тексеруден өткен. Талибандар тұтқынында тағы 14 кореялық әйел қалып отыр. Олармен бірге ұрланған екі кореялықты тәліптер атып өлтірді.
XS
SM
MD
LG