Accessibility links

Түркия армиясы исламшыл саясаткердің президент болып сайлануына бөгет қоюы мүмкін


АНКАРА: Бүгін Түркия парламентінде президент сайлауының үшінші туры өтеді. Үміткерге президент болып сайлануы үшін депутаттардың кәдімгідей көпшілік дауысын алса да жеткілікті. Президент тағына билік басындағы исламшыл Әділет және өрлеу партиясының мүшесі Абдулла Гүл жалғыз үміткер болып түсіп жатыр. Гулдің президент болып сайлануына қарсы болып келген түрік армиясының басшысы Ясар Буюканит кеше тағы да елдің зайырлы мемлекеттік құрылымына айқын қатер төнгенін ескертті. Бұл ескерту – Түркияда мемлекет пен мешіттің бір-бірінен бөлінгенін көрсету үшін армияның араласуға дайын екенін байқатса керек.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG