Accessibility links

Ирақтың премьер-министрі АҚШ-тық жеке-меншік қауіпсіздік компаниясын өткір сынға алды


НЬЮ-ЙОРК: Ирақтың премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики АҚШ-тан келген жеке-меншікті “Блэкуотер” қауіпсіздік компаниясын Бағдад қаласындағы атыстың барысында 11 Ирақ азаматын өлтіргені үшін өткір сынға алды. Нью-Йоркте Әл-Мәлики 16-ншы қыркүйектегі төтенше оқиға “Ирақтың тәуелсіздігіне деген айтарлықтай сын болды” деп мәлімдеді. Ирақтағы АҚШ дипломаттарын қорғайтын “Блэкуотер” компаниясы өз күзетшілерінің бейбіт халыққа оқ атқанын жоққа шығарды. Сонымен қатар “Блэкуотер” Ираққа заңсыз қару-жарақ жеткізгені туралы кейбір жекелеген мәлімдемені де жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG