Accessibility links

Сербия мен оның Косово өлкесіндегі албандар өлкенің тағдырын өзара шешіп көрмекші


НЬЮ-ЙОРК: Бүгін Нью-Йоркте Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша Сербия мен Косово албандарының арасындағы бірінші де тікелей келіссөзі өтуге тиіс. Халықаралық дәнекерлер мен БҰҰ-ының көп күш салуына қарамастан, тараптар Косовоның келешек мәртебесі бойынша өзара уәжге келе алмады. Косовоның албандары өздеріне тәуелсіздік беруді талап етіп жатса, ресми Белград өлкеге тек кең автономия беруге ғана келіседі. Бейсенбі күні Сербия президенті Б.Тадич тараптарды осы мәселе бойынша ортақ шешімге келуге шақырды. БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының сессиясында Тадич атап көрсеткендей, Косово албандарының өз бетінше тәуелсіздік жариялауы осы аймақтағы ахуалды шайқап, халықаралық ережені бұзады.
XS
SM
MD
LG