Accessibility links

Ирақта тағы 2 қастандық іске асырылып, кемінде 14 адам құрбан болды


БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіндегі Байджи қаласында 2 жарылыс болып, одан кем дегенде 14 адам көз жұмды, тағы 30 кісі жараланды. Ирақ полициясының хабарлауынша, бомба орнатылған 2 автокөлік бір мезгілде көкке ұшты. Оның бірі Байджи полициясы бастығы тұрған үйдің маңында болып, кейбір мәлімет бойынша ол жарақат алды. Ал екіншісі – үкімет әскерімен бірге “Әл-Қаида” күштеріне қарсы шайқасқан жергілікті жасақтардың қолбасшысы тұратын үйдің жанында болды. Қаза болғандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG