Accessibility links

Путин Иранның ядролық қару жасап жатыр дегеніне дәлел жоқ деді


Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Иран ядролық бомба жасауға тырысып жатыр дегенге Мәскеуде еш дәлел жоқ деп айтты.

“Бізде Иранның ядролық қару жасап жатқанын дәлелдейтін мәлімет жоқ, бізде ондай дәлел жоқ. Сондықтан, Иранның ондай жоспары жоқ деп білеміз. Бірақ, біз Иранның ядролық бағдарламасы толығымен ашық болуы керек деген Батыстың талабымен келісеміз” деп президент Путин Кремльде Франция президенті Николья Саркозимен кездесуден соң айтқан.

Саркози өзінің Путинмен Иранның ядролық бағдарламасы сияқты бірқатар мәселелерді талқылағанын айтты. Сондай-ақ, ол Кремльдегі кездесуі алдында Ресейді елде демократия орнатуға шақырды. Бүгін Саркози Ресейдегі құқық қорғаушы топтармен кездеседі. Бұл Саркозидің Франция президенті ретінде Ресейге алғашқы сапары.
XS
SM
MD
LG