Accessibility links

Бүгін Н.Назарбаев Теһранға ұшып барып, “Каспий саммитіне” қатысады


АСТАНА: Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Иранға барады. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев хабарлағандай, оның барысында Қазақстан мен Иран лидерлері екі жақты қарым-қатынастың барлық саласы бойынша келіссөз өткізеді және сапардың қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қою жоспарланып отыр. Астана мен Теһранның арасындағы сауда айналымы соңғы 5 жылдың ішінде 5 еседен артық ұлғайып, 2006-ншы жылы 2 млрд. АҚШ долларынан асқан. Сонымен қатар Теһранда Каспий жағалауындағы 5 мемлекеттің “Каспий саммиті” өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG