Accessibility links

Өзбекстандағы президент сайлауына 5 партия мен бір бастамашыл топ өз кандидаттарын ұсына алады


Президент Ислам Каримовты қолдайтын Өзбекстандағы 6 топқа желтоқсан айындағы президент сайлауына өз үміткерлерін ұсынуларына рұқсат берілді. Бұл елде президент сайлауы желтоқсанның 23-де өтеді деп жоспарланған. Оған оппозициялық партиялар қатыспайды, олардың жетекшілері қуғында жүр. 20 жыл бойы елді басқарып келе жатқан Каримов өзінің сайлауға түсетіні туралы әлі ешнәрсе айтпады. Орталық Сайлау комиссиясының хабарлауынша, 5 партия мен бір бастамашыл топ өз кандидаттарын ұсына алады.
XS
SM
MD
LG