Accessibility links

Иран мен Ресей Иранға салынған санкцияларды жарамсыз деп тапты


Иран сыртқы істер министрі АҚШ-ың санкциялары халықаралық заңға қайшы келеді деп атап, оны қабылдамайтындықтарын айтты. Ресей президенті В.Путин санкциялар Иранды тығырыққа тіреп, жағдайды одан сайын ушықтыра түседі деп атап көрсетті. Бейсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Раис пен қаржы министрі Хенри Поулсон санкциялар Иранның қорғаныс саласына, Ислам революциясының күзет корпусына және бірқатар банктерге қарсы бағытталады деген болатын. Санкциялар Иранның Ирақ пен Таяу шығыстағы террорлық ұйымдарға қолдау көрсеткені және ядролық, зымырандық зерттеулеріне жауап ретінде салынды делінген.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG