Ауғандық және НАТО бастаған халықаралық күштер бірігіп, Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Талибан жауынгерлерімен соғысып жатыр. Бүгін Ауған Қорғаныс министрлігінің өкілі Захер Мурад хабарлап отырғандай, ол шайқаста кемінде 12 талибандық өлтіріліп, 15-і жараланды. НАТО күштері бүлікшілер орналасқан жерге әуе шабуылдарын бастап, хабарларға қарағанда, қақтығыс жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?