Accessibility links

Иранның Ирақ турасында АҚШ-пен жаңа келіссөздер жүргізуге келіскендігі хабарланды


Жаңалықтар агенттігі Иран сыртқы істер министрі Манучер Моттакидің Ирақтағы қауіпсіздік жағдайына қатысты АҚШ-тың жаңа келіссөздер өткізейік деген өтінішімен Техран келісті деген сөздерін келтірген. Моттаки келіссөздер жуық арада өткізіледі деп айтқан. Осы тәріздес ақпаратты мемлекеттік ИРНА агенттігі де таратқан. Осы жылдың басынан бері АҚШ пен Иран Ираққа қатысты үш рет келіссөздер өткізген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG