Accessibility links

Ашхабадта ТМД үкіметтері басшыларының Кеңесі маңызды Келісімді талқылайды


МИНСК: Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкімет басшылары Кеңесінің бейсенбі күні Ашхабадта өтетін мәжілісінде электр қуатын Достастықтың кеден шекарасынан өткізу барысындағы кедендік рәсімдеу шарасын бір үлгіге келтіру туралы Келісім талқыланады. Ол туралы ТМД-ның Атқару комитетінің баспасөз-қызметі хабарлайды. Мұндай Келісімді қабылдау, - деп атап көрсетті баспасөз-қызметі, - электр қуаты жүйелерін қарама-қатар жұмыс істетудің техникалық және экономикалық артықшылықтарын, сондай-ақ ТМД елдерінің экспорттық әлеуеттерін толығымен пайдалануға мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG