Accessibility links

Иран өзінің бірінші рет ядролық отынның бір түрін шығарғанын айтуда


Иранның вице президентінің айтуынша, оның елі бірінші рет ядролық отынның бір түрін жасап шығарды. Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында, Голам Реза Ағазаде ол уран тотығынан жасалған шариктер Иранның орталығындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан Арак зерттеу реакторында қолданылады деген. Иран Арак ядролық орталығы мен қатар жеңіл су реакторын да дамытып жатыр. Иранның вице президенті сонымен қатар, БҰҰ-ның талабына қарамастан, уран байытуды тоқтату мүмкіндігін жоққа шығарды. Бірақ, бүгін Иранның сыртқы істер министрі ядролық бағдарлама турасындағы дауды реттеу үшін Техран жаңа ұсынысты аяқтау жолында жұмыс істеп жатыр деген. Ол ұсыныс қарашаның 30-да Иран мен Еуропа Одағының кездесуіне дайын болады делінген.
XS
SM
MD
LG