Accessibility links

Еуропа Одағы - Қытай саммиті өтті


Қарашаның 28-күні Бейжинде өткен Қытай мен Еуропа Одағының жылдық саммитіндегі өзара жылы кездесулердің сыртында бірқатар күрделі мәселелер тұрды. Атап айтсақ, Еуро Одақтың сауда тапшылығы мен қытайлық экспортты ұлғайту үшін қолдан төмендетіліп отырған Қытайдың ұлттық валютасы юаньға қатысты тақырыптар екі жақтың арасындағы кернеулі мәселе болған.

Еуропалық Комиссия басшысы Жозе Мануэль Барроза Қытайдағы саммитке Еуропа Одағының жоғарғы дәрежелі делегациясын бастап барды. Барроза бұл кездесу екі үлкен сауда нысанының арасындағы экономикалық байланыстарға шынайы өзгеріс әкелгенін қалайды. Бірақ, оның оңай болмайтыны белгілі, өйткені қытайлықтар өздері тыңдағысы келмеген жәйтті сыпайы түрде ысырып қоюға шебер. Еуропа Одағының Сауда істер бойынша комиссионері Питер Мэндельсон жағдайды бағалап айтқанында, Еуропа Одағының тауарлары мен қызметін 1 млд 300 млн халқы бар Қытайдан гөрі кішкентай Швейцария көбірек алып жатқанына одақтың көңілі толмай отыр деген. Керісінше, Еуропа Одағы Қытайдың тауарларын шығаратын ең үлкен базарына айналып отыр. Брюссельден түскен сауда статистикаларына сүйенсек, осы жылы Қытай 253 млд долларлық тауар затын Еуропа Одағына сататын болады. Бейжинде сөйлеген сөзінде Барроза бұл теңсіздік бұдан әрі жалғаса алмайды деген.

“Бір мәселе, яғни Еуропа Одағы мен Қытай арасындағы сауда тапшылығы екі тарап жетекшілерінің саяси назарын аударуға лайық. Қазіргі жағдай тұрақты емес”

Жозе Мануэл Барроза сонымен қатар ғаламданудың салдарлары туралы алаңдушылық танытып жүрген еуропалықтар Қытайды қауіп-қатер ретінде көре бастауы мүмкін деген қаупін айтты. Еуропалық Одақ жетекшілерінің мұндай сөз мәнері ұзақтан бері келе жатқан Құрама Штаттардың сауда ресмилерінің Қытай туралы шағымдарына жақын келіп отыр.

Уашингтонға қарағанда Брюссель әліге дейін өзінің сындарын ашық айтпай көп ұстап келеді. Енді қазір Еуропа Одағы арзан қытайлық тауарлар еуропалық базарды жаулап отырғандықтан дәл осындай деңгейдегі қысымды сезіне бастады. Барлық өзекті мәселелердің ортасында валюта құндылығына қатысты келіспеушіліктер бар. Батыс елдері Қытай өз валютасы юаньды қолдан төмендетіп ұстап отыр дейді, ол Қытайға өз тауарын экспортқа шығаруда тиімді болып отыр.

Ал, керісінше еуро юаньға қатысты 11 процентке күшейіп, ол деген еуропалық заттардың Қытайда сатылуына қиындық әкеліп отыр. Бейжинге Еуро одақ делегациясымен бірге келген Еуропаның Орталық Банк президенті Жан-Клод Трише Қытайдың Халық Банкінің басшыларымен кездескен. Онда тараптар айырбас ақша бағамында үлкенг өзгерістер жасау жолында бірге жұмыс істеуге келісті. Бірақ, онда Бейжин өзінің валютасының өсуін қатты бақылауға алып отырған саясатын өзгертеді деген белгі болмады.

Сонымен қатар, Еуропа Одағы Қытайдың тез өркендеген өнеркәсіп саласы көмірқышқыл газын шығарып отырғандықтан, Қытайды климаттың өзгеруіне қатысты мықты ұстанымда болуын талап етті.

Еуропалық Комиссия басшысы Жозе Мануэль Барроза көмір қышқыл газына қатысты жағдайды былай айтып өтті:

“Еуропалық Одақ көмірқышқыл газының тек 14 процентіне ғана жауапты. Және әрекет етуде, бірақ жалғыз әрекет ете алмайды. Бізде өзіміз үшін жаңадан бекітілген және жоғары мақсатымыз бар. Бірақ ол мақсаттар егер басқа елдер оның ішінде қазба байлықтарын көп тұтынатын, ортақ іске қосылмай отырған Қытай сияқты елдермен жүзеге аспайды”.

Бейжиндегі саммитте тараптар сонымен қатар, халықаралық мәселелерді, оның ішінде Солтүстік Корея мен Иранның ядролық бағдарламасы туралы, Қытайдағы құқық жағдайы мен қатар Мяньмадағы адам құқықтарының бұзылу жағдайлары талқыланады деп күтілген.
XS
SM
MD
LG