Accessibility links

Ирақта түрлі қастандық пен шабуылдың саны едәуір кемігенімен қастандық құрбандарының саны күн сайын жалғасып отыр


БАҒДАД: Ирақтың қауіпсіздік саласындағы ахуалдың жақсаруы ұлтты біріктіру үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте осылай деп мәлімдеді. Бағдадта сапары кезінде Дж.Негропонте атап көрсеткендей, Ираққа АҚШ-тың қосымша 30 мыңдық әскерін орналастыру өз жемісін берді – соңғы айларда түрлі қантөгіс пен қастандықтың саны едәуір кеміді. Кеше Бағдадта қауіпсіздік күштерінің жоғары лауазымды өкілі Акил Абдул Хуссеинді өлтіріп кетті. Тағы басқа шабуылдардан 2 полицей оққа ұшып, төртеуі жараланды.
XS
SM
MD
LG