Accessibility links

Ақ үй беларусь оппозициясының демократияға деген ұмтылысын толық қолдайды


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік департаменті хабарлағандай, Беларуссияның адамның құқын қорғайтын өкілдерімен кездесуі барысында мемлекеттік хатшы К.Райс беларусь халқын демократияға деген ұмтылысын ресми Вашингтонның қолдайтынын тағы да қайталап айтты. Райс ханым беларусь делегациясымен, оның ішінде оппозиция лидері А.Милинкевичпен, бұрынғы 2 саяси тұтқынмен және жастар оппозициясының лидері Дмитрий Федорукпен дүйсенбі күні кездесті. Делегация мүшелері Беларуссиядағы саяси қуғын-сүргін мен адам құқының бұзылуына қарсы күресін жалғастыра беруге міндеттенді.
XS
SM
MD
LG