Accessibility links

АҚШ президенті Израиль оккупациясы тоқтатылуы тиіс дейді


АҚШ президенті Джордж Буш Израильдің Палестина жерлерін басып алуын тоқтатуға шақырды. Палестина жерлеріне алғашқы сапарын жасаған президент Буш Иерусалимде сөйлеген сөзінде:

“1967 жылы басталған оккупация доғарылуы тиіс. Бейбітшілік жөніндегі келісім - еврейлер үшін Израиль мемлекеті сияқты - палестиналықтарға да Палестина елін құруы керек”, - деп мәлімдеді.

Буш, сондай-ақ, бейбіт келісім екі жақтың да ауыр саяси ымыраға келуін талап етеді деп атап көрсетті. АҚШ президенті Таяу Шығыста 8-күндік сапармен жүр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG