Accessibility links

Кремль Украинадағы 10 млн. халық қырылған аштықты “геноцид” деп мойындағысы келмейді


МӘСКЕУ: Ресейдің Мемлекеттік думасы негізінен Советтік Украинадағы миллиондаған шаруаның аштан қырылуына себеп болған 1930-ыншы жылдардағы аштықты “геноцид” деп мойындау туралы ұсынысты мақұлдамады. Думаның қабылдаған Қаулысында әлгі аштықты саяси құрал ретінде пайдалануға болмайды делінеді. Дегенмен де И.Сталиннің үстемдігі кезінде шаруаларды өз қожалықтары мен жер телімдерінен бас тартып, колхозға қосылуға мәжбүрлеу үшін аштықты совет өкіметінің қасақана ұйымдастырғанын тарихшылар мойындайды. Ресми Киевтің мәлімдеуінше, 1932/33-інші жылдардағы аштықтан 10 млн.-ға жуық украиналық қырылды. Дәл осы жылдары төрт түлік малынан айрылған қазақ халқының да 2/3-сі қырылды.
XS
SM
MD
LG