Accessibility links

Қазақстанда астық экспортына шектеу қойылмаса, егінге қажетті тұқым сатылып кетуі мүмкін


АСТАНА: Бүгін премьер-министр К.Мәсімов мәлімдегендей, Қазақстан осы аптаның соңына қарай астық экспортына не шектеу қоюы, не толық тыйым салуы мүмкін. Бүгін үкіметтің Астанада болып өткен селекторлық мәжілісінде премьер-министр К.Мәсімов ауыл-шаруашылық пен өнеркәсіп және сауда министрліктеріне: не астық экспортына баж салығын салу немесе тіпті толық тыйым салу мүмкіндігін қарастырып, осы аптаның соңына қарай тиесілі ұсыныс беруді жүктеді. Азық-түлік корпорациясының президенті Руслан Әзімов бұл шараны көктемде егін егуге қажетті тұқымның да сатылып кетуіне жол бермеу деп түсіндірді.
XS
SM
MD
LG