Accessibility links

С. Хуссейннің биліктен құлатылғанының 5 жылдығын атап өту үшін Бағдадта коммендандтық сағат енгізілді


Бүгін Ирақ елі Саддам Хуссейн режимінің құлағанына 5 жыл толғанын атап өтіп жатқандықтан, Бағдадта комменданттық тәртіп енгізілді. 2003 жылдың 9-шы сәуірінде Бағдадтағы бұрынғы диктатордың алып тас мүсіні құлатылып, ол АҚШ күштерінің елге кіруімен биліктен құлатылды деп танылды. Бүгін үкімет бомба шабуылдарының алдын алу үшін көліктер мен жүк мәшинелеріне Бағдад көшелеріне шықпауға нұсқау берді. Бүгін радикалды шиит жетекшісі Моқтада әл Садр өзін қолдаушыларды американдықтардың Ирақтан кетуін талап етіп жаппай шеруге шақырған. Бірақ, ол қауіпсіздік мәселеріне байланысты өтпейтін болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG