Accessibility links

Президент Дж.Буш Ирақтан АҚШ әскерінің бір бөлігін шығаруға да қарсы


ВАШИНГТОН: АҚШ президентінің мәлімдеуінше, Ирақ - Америкаға төнген зор 2 қатер болып табылатын “Әл-Қаида” мен Иранға қарсы күрестің кіндігіне айналды. Ақ үйде сөйлеген сөзінде Дж.Буш Американың Ирақтан өз әскерін шығаруы “Әл-Қаида” мен Иранның шешуші жеңіске жетуіне мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ-тың Ирақтан кетуінен Ауғанстандағы “Талибан” қозғалысы да пайда көреді. Президент, сонымен қатар, Ирақтағы АҚШ әскерінің қолбасшысы Д.Петреуске қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беру әскердің бір бөлігін шілде айында Ирақтан шығармайтынын хабарлады. Егер шілдеде әскердің бір бөлігі шығарылса, Ирақта АҚШ-тың шамамен 140 мыңдық күші қалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG