Accessibility links

Райс Грузияның жікшіл аймағына қатысты Ресейдің қадамына алаңдаушылық танытты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия және Абхазиямен Мәскеудің ынтымақтастығын көтеру туралы Ресейдің қаулысына Құрама Штаттар қатты алаңдаушылық танытып отыр деді.

«Біз Ресей президентінің қаулысына қатысты қатты алаңдаушылық танытып отырмыз», - дей келе, өзінің бұл мәселе бойынша Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Грузия президенті Михайл Саакашвилимен сөйлескенін айтқан Райс ханым, Құрама Штаттар Грузияның аймақтық бірлігін қолдап қалатынын мәлімдеді.

Грузия Ресейдің бұл қадамы екі аймақты өзіне қосу әрекетін білдіреді деп отыр.
XS
SM
MD
LG