Accessibility links

БҰҰ Мьянма үкіметін сынады


Циклоннан зардап шеккендерге халықаралық көмек қызметкерлерінің жәрдем беруіне кедергі жасап отырған Мьянманың әскери үкіметін бүгін БҰҰ сынға алды. Биліктегі әскери хунта шетелдік көмек қызметкерлерінің Мьянмаға баруларына рұқсат бермей отыр. Сенбі күні орын алған Наргис циклоны салдарынан 1 милионнан астам адам үйсіз қалды. Мьянманың мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, ол табиғи апаттан 23 мыңға жуық адам қаза тапқан, сондай-ақ шамамен 42 мың адам табылмай отыр.
XS
SM
MD
LG