Accessibility links

Б.Обама өзінің Демократиялық партия номинациясын жеңуге жақын қалғанын айтуда


Барак Обама өзінің АҚШ президенттігіне Демократиялық партияның кандидаттығына қол жеткізіп қалғанын айтып отыр. Обама бұл жайында Орегон штатында жеңіске жеткен соң айтты. Ал сейсенбі күні Кентукки штатындағы алдын-ала дауыс берулердің қортындысы бойынша Барак Обама бәсекелесі Хиллари Клинтонға ұтылған еді. Соңғы дауыс берулерде Обама 58 пайыз дауыс жинап, Клинтон ханым 42 процент қана дауыс алған. Сарапшылар Обаманың Демократтардан президенттік кандидаттықты жеңу мүмкіндігі көбірек екенін айтып отыр. Партияның тамыз айындағы жиынында демократтардан бәсекеге түсіп отырған екі кандидаттың бірі таңдалады.
XS
SM
MD
LG