Accessibility links

Украина астанасының қазіргі әкімі Л.Черновицкий қайта сайланатын тәрізді


КИЕВ: Өткен жексенбіде болып өткен Киев қаласы әкімінің кезектен тыс сайлауында, бастапқы есеп бойынша, қаланың қазіргі әкімі Леонид Черновицкий 38 пайыздан артық дауыс жинап, алда келеді. Ю.Тимошенко блогының үміткері әрі вице-премьер О.Турчинов 18 пайыздай, ал әйгілі кәсіпқой боксшы В.Кличко – 17 пайыздан сәл көп дауыс жинаған. Ал қалалық кеңеске 7 саяси блок пен партия өтті, президенттің “Наша Украина – Народная самооборона” блогы 3 пайыздық межеден әлі өткен жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG