Accessibility links

БҰҰ Ираққа кеңірек көмектесуге шақырды


Ирақ мәселесіне арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы елдің қайта құруына көмек көрсетуге шақырды. Швецияда өткен конференцияда сөйлеген Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун қатысушыларға қайырылып, Ираққа көмектесіміз деген сөздерінде тұруға шақырды. Ирақ бас министрі Нури Әл-Мәлики әлем елдеріне қайырылып, Ирақ сыртқы қарыздарын кешіруге шақырды. Ирақ сыртқы қарыздары кемінде 67 миллиард долларды құрайды, Ирақ соғыс өтемақыларын төлеуге міндетті, мұның барлығы елдің қайта жандауына салмақ салып отыр, деді Нури Әл-Мәлики.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG