Accessibility links

Иранның рухани серкесі ядролық бағдарламаның жалғаса беретінін мәлімдеді


ТЕҺРАН: Бүгін Иранның рухани серкесі аятолла Әли Хаменей ислам республикасы өзінің ядролық бағдарламасын жалғастыра береді деп мәлімдеді. Иран Ислам Республикасының іргетасын қалап кеткен Рухолла Хоменейдің мақұр болғанына 19 жыл толуына байланысты сөйлеген сөзінде Хаменей “Иран құпия түрде ядролық қару жасап алғысы келеді” деген пікірді үзілді-кесілді теріске шығарды. Кеше атом қуаты бойынша халықаралық МАГАТЭ агентігінің Бас директоры М.Әл-Баради Иранның ядролық бағдарламасын тексеруге барған халықаралық инспекторлардың жұмысына ресми Теһранның кедергі жасап отырғанын мәлімдеді. Ол, сонымен қатар, соғыс зымырандары мен аса қуатты қопарғыш жасау жобалары туралы көбірек мәлімет беруді талап етті.
XS
SM
MD
LG