Accessibility links

Ресей Абхазияға жолдаған қарусыз жасағын қайтарып әкететінін айтты


Ресей өзінің жақында Грузияның жікшіл аймағы Абхазиядағы 400-дей жасағын қайтаратынын айтып отыр. Ресей Қорғаныс министрі Анатолий Сердюков айтқандай, Мәскеудің теміржол жөндеуге жіберілген әскерін, Грузия арандатушылық ретінде көріп отырғандықтан, алдағы екі айда бұл жерден әкетіледі. Тбилиси Мәскеу Абхазиядағы темір жолды жөндеуге бұл жасағын жібере отырып, шындығында бұл аймақты өзіне қосып алуға әрекеттеніп отыр деген. Бұл арада Абхазия сыртқы істер министрі Ресейдің темір жол жөндеушілері Абхазияда жолды толығымен жөндеп біткенше болуы тиіс деп айтты.
XS
SM
MD
LG