Accessibility links

Ресми Лондон Иранның ең ірі банкінің активтеріне құлып салады


ЛОНДОН: Ұлыбритания Иранның ең ірі қаржы институтының активтеріне құлып салады. Бүгін Лондонда АҚШ президенті Дж.Бушпен өткізген келіссөзінен кейін британ премьер-министрі Г.Браун:

“Егер Иран Ұлттар Ұйымының Қарарларын, серіктестік туралы біздің ұсыныстарымызды елемеуін жалғастыра берсе, біздің оған қарсы санкцияны қатаңдатудан басқа жол қалмайды. Ұлыбритания оған Еуропаны көндіреді, ал Еуропа Иранға қарсы санкцияны қатаңдатуға келіседі. Біріншіден бүгін біз Иранның ең ірі банкі – “Мелли” банкінің активтеріне құлып саламыз, екіншіден – мұнай мен газға қарсы шараның жаңа сатысы басталады”, - деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG