Accessibility links

М.Саакашвили Франция ұсынған бейбіт жоспарға қол қойды, кезек Мәскеуде


Грузия президенті М.Саакашвили грузин-осетин жанжалын үйлестіру туралы Францияның ұсынған бейбіт жоспарына қол қойды. Құжатта соғыс қимылдарын тоқтатып, шайқасқан екі жақтың – Ресей мен Грузияның әскерлерін Оңтүстік Осетиядан шығару жолы қарастырылған. Бұл жоспарға М.Саакашвили Францияның сыртқы істер министрі Б.Кушнердің көзінше қол қойды.
Біздің тілшіміз Георгий Кобаладзенің хабарлауынша, енді Б.Кушнер бұл құжатты Ресей президенті Д.Медведев пен премьер-министр В.Путинге ұсыну үшін Мәскеуге ұшып барады.
XS
SM
MD
LG