Accessibility links

Чейни Ресейді айыптады


АҚШ президентінің орынбасары Дик Чейни бүгін Украинада ел басшыларымен кездесті. Ол Украина үкіметінің жетекшісі Юлия Тимошенкомен кездесуі кезінде аталған ел Ресейдің кесірінен күрделі уақытқа тап болып отыр деді. Чейни Украина президенті Виктор Ющенкомен кездесті.

АҚШ вице президенті Құрама Штаттардың Украинаны қолдайтындығын ел алдында тағы да қайталамақшы. Киевке келуімен Чейни өзінің осы аймаққа сапарын түйіндеп отыр. Бұдан бұрын ол Әзірбайжан мен Грузияда болған еді. Сапар мақсаты - Грузия жанжалынан кейін АҚШ-тың негізгі одақтастарына қолдау көрсету болатын.
XS
SM
MD
LG