Accessibility links

Ауған соғысында қиындықтар бар


АҚШ-тың әскери басшылары Ауғанстандағы бүлікшілерге қарсы күресте батыс жетекшілігіндегі күштер қиындыққа тап болуда деп мойындап отыр. Әскери басқарма штабының бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Муллен Ауғанстанда “біздің жеңіп жатқанымызға сенімді емеспін” деп мәлімдеді. Алайда АҚШ жетекшілігіндегі күштер әлі де болса жеңіске жете алады, деп атап көрсетті Муллен. Бұл туралы ол Өкілдер палатасының әскери қызметтер комитетінде хабарлады. Ал Қорғаныс министрі Роберт Гэйтстің айтуынша, бүлікшілерге қарсы күресте Пәкістанның ынтымақтастығы керек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG