Accessibility links

Қазақстан қажылыққа 5 мың адам жібермек


Биыл қасиетті Құрбан айт қарсаңында Меккеге қажылық парызын өтеуге баруға ниет білдірген қазақстандық мұсылмандар үшін қызмет көрсетуге 19 туристік компанияға лицензия беріліп отыр деп хабарлады бүгін Алматыда Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының мүфиті Әбсаттар қажы Дербісәлі.

- Бізден қажылыққа бес мың адамды - тек Қазақстан азаматтарын апару көзделген. Ал егер ол аздық етсе, бізге қосымша тағы 500 орын бөлу туралы Сауд Арабиясы жағына өтініш айтып отырмыз.

Мүфтидің айтуынша, қажылық сапарының құны қанша болатынын әр компания дербес белгілейді. Діни басқарма Қазақстаннан қажылыққа сапардың барысын қадағалайтын бір адам және демеушілердің есебінен қажыға баратындардың денсаулығын бақылау үшін 5 дәрігер жіберуді жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG