Accessibility links

Астанада тұрғын үйден өрт шықты


Астанадағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 150 адам көшірілді, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Кенесары көшесінде орналасқан бұл көппәтерлі үйде 4-қабаттан 9-қабатқа дейінгі 30 шаршы метр жерде сым желісі жануының кесірінен өрт шыққан. Өрт болған үйден 150 адам көшірілді. Иіс тиіп уланған тұрғындарға алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.
Өрт сөндіру жұмыстарын жүргізуге ТЖМ құтқару қызметінің 76 жұмысшысы мен 11 техникасы жұмылдырылды.

XS
SM
MD
LG