Accessibility links

Үкімет экономика мен қаржы саласының жоспарын қабылдады


Қазақстан үкіметі мемлекеттің экономикасы мен қаржы саласын тұрақтандыру іс-қимылдарының 2009-2011 жылдарға арналған жоспарын қабылдады.

«Меніңше, бұл бағдарлама қазір қоғамның алдында тұрған барлық сұрақтарға жауап береді. Оны жүзеге асыруға Ұлттық қордан 10 млрд доллар және бюджет пен зейнетақы жинақтаушы қорлардың қаражаты бөлінеді. Жоспардың жүзеге асуы барысында ел экономикасына мемлекет тарапынан 2,2 триллион теңге инвестиция салынады. Ол Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 20 пайызға жуығын құрайды», — деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.
XS
SM
MD
LG