Accessibility links

Сенат заң жобасын мәжіліске қайтарды


ҚР Парламент сенаты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен жалпы отырыста сенат депутаттары «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарды.

Әлемдік қаржы дағдарысының теріс әсері жағдайында елдің макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы республикалық бюджет түсімдерін 301 миллиард теңгеге, 2010 жылы 444,1 миллиард теңгеге, 2011 жылы - 508,9 миллиард теңгеге азайту ұсынылды. Бюджеттің шығыстарынан 2009 жылы 268,7 миллиард теңге, 2010 жылы 411,8 миллиард теңге қысқарту, жоспарланған мерзімдегі дефицитті 32,3 миллиард теңге сомасына ұлғайту көзделіп отыр.

Отырыста «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс енгізу туралы» заң қабылданды.
XS
SM
MD
LG