Accessibility links

Үнді премьері айыптыларды жазаға тартуға сөз берді


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Мумбай қаласындағы қастандық шабуылға жауаптыларды жазаға тартуға сөз берді. Телеарнадан сөйлеген сөзінде ол үнді халқын сабырлыққа шақырды.
Мумбайдағы қастандықтың салдарынан 101 адам қаза болып, 300-ден астам кісі жараланды. Полицияның хабарлауынша, “Тадж Махал” қонақ үйінде кепілдікте отырған адамдар босатылды. Алайда, содырлар “Оберой Тридент” қонақ үйінде кепілдікте адам ұстап отыр.
Тезатар мылтықпен және қол гранатымен қаруланған қарақшылар сәрсенбі күні осы 2 қонақ үй мен теміржол бекетіне және ауруханаға шабуыл ұйымдастарды.
Қастандықты беймәлім экстремистік топ ұйымдастарды.
Куәгерлердің айтуынша, қарақшылар негізінен америкалықтар мен ағылшындарды көздепті, бірақ өзге ұлттардың өкілдерін де кепілдікке алыпты.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейкүнә халықтың қазасына байланысты үнді премьеріне көңіл білдіріп жеделхат жолдады.
XS
SM
MD
LG