Accessibility links

НАТО Ресеймен байланыстарын қалпына келтірмекші


НАТО одақтастары бірте-бірте Ресеймен байланыстарын қайта қалпына келтіруге келісті. Бұл туралы сейсенбі күні Брюсселде НАТО сыртқы істер министрлерінің жиынынан кейін мәлім болды. НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, бұл Ресейдің Грузияда күш қолдануы “теңсіздік” болды деген НАТО көзқарасының өзгергенін білдірмейді. НАТО-Ресей кеңесінің кездесулері бейресми жағдайда қайта қалпына келеді, деді Схеффер. Оның айтуынша, НАТО сыртқы істер министрлері Грузия мен Украина болашақта бәрібір осы одаққа мүше болады деп келіскен.
XS
SM
MD
LG