Accessibility links

БҰҰ өкілдігі ғимаратының аумағынан белгісіз заттары бар сөмке табылды


Алматы қалалық құтқару қызметінің пультіне Алмалы ауданында орналасқан Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің ғимараты аумағынан ішінде белгісіз заттары бар сөмке табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
«Тексеру барысында сөмкенің ішіндегі заттардың қауіп тудырмайтындығы анықталды. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.


AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG