Accessibility links

Грецияда бей-берекеттіктер одан әрі жалғасуда


Полиция Греция үкіметіне наразы шерушілерге қарсы көз жасаурататын газ қолдануда. Шерушілер бизнес орталықтарын, көлік және қоғамдық қызмет орындарын ел бойынша тоқтатып тастады. Олар қазіргі үкіметтің қызметтен кетуін талап етуде. Бұл толқулар сенбіде 15 жасар баланы полицияның атып өлтіруінен кейін басталған болатын. Осы өлімге байланысты екі полиция офицері тұтқындалды. Полиция ел парламенті алдындағы және Афина сыртында жиналған шерушілермен шайқасқан еді. Оппозициядағы социалистер үкіметті бұл әрекеттерін тоқтатуға шақыруда.
XS
SM
MD
LG