Accessibility links

Сұлтан Махмадов үй тұтқынында ұсталатын болды


Жұма,12 желтоқсан күні адвокат Николай Мальцев Азаттық радиосына Жамбыл облыстық сотының мәжілісінде судья Нұрбек Аманжолов өз қорғауындағы Махмадовқа қолданылған жаза түрін үй тұтқынында ұстауға өзгертті, бірақ оған тағылған айыптар қалды деп хабарлады. Махмадов 28 қарашадан бері ұсталынған тергеу изоляторынан үйіне жіберілген.

"БМ" компаниясының иесі Сұлтан Махмадовты Ұлттық қауіпсіздік комтиетінің Жамбыл облыстық басқармасының қызметкерлері тұтқындап, оған мемлекеттік құпияны жария етті деген айып тағылған болатын.
12 желтоқсанда ҰҚК-нің баспасөз қызметі Махмадовқа қарсы қозғалған қылмыстық іспен қатар "БМ" компаниясына салық төлеуден жалтарды деген қылмыстық іс қозғалғанын ескертті.

С.Махмадов тұтқындалған күні ҰҚК "Алма-Ата –инфо" газетінің кеңсесінде мемлекеттік құпия жария болды делінген мақалаға байланысты тінту жүргізген еді.
Махмадовтың ісі бойынша куә ретінде қарастырылатын газет редакторы Р. Есіргепов қазір ауруханада жатыр. Оның төңірегінде болған жайттар турасында Азаттықтың сайтында жазылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG