Accessibility links

Ірі банктер алаяқтық құрбаны болуы мүмкін


Әлемдегі ең ірі банктердің кейбірі АҚШ қаржыгері Бернард Мэдоффтың алаяқтық әрекеттерінің құрбандары болған көрінеді. Нәтижесінде олар жүздеген миллион немесе тіпті миллиардтаған доллар жоғалтқан болуы мүмкін. Олардың ішінде Британияның HSBC, Испанияның Santander, Францияның BNP Paribas және Жапонияның Nomura холдингі банктері бар көрінеді.

70 жастағы Бернард Мэдофф өткен аптада қамауға алынған болатын. Оған 50 миллиард доллар көлемінде заңсыз қаржы операцияларын жасады деген айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG